Қазақстанда короновирустан емделіп жатқан 242 науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясынан емделгендерге қатысты 18 желтоқсандағы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

18 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 25 349 адам коронавирус инфекциясынан (13 515 КВИ және 11 834 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 389 пациент стационарда, 20 960 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:
242 адамның жағдайы ауыр;
35 пациенттің жағдайы өте ауыр;
40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.