Қазақстанда корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік туралы әлі ортақ түсінік жоқ - Қоғамдық мәселелерді талдау орталығының директоры

АЛМАТЫ. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігіндегі негізгі мәселе қоғамдық сұраныстың төмендігі болып отыр.

 Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі туралы дөңгелек үстел жиынында айтылды.  

«2009 жылы Қазақстандағы БҰҰ-ның  Даму бағдарламасы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік туралы сауалнама жүргізген. Оның қорытындысына қарағанда, қазақстандық компаниялардың 60 пайызы корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктен хабардар екенін, ал 40 пайызы бұл жөнінде мүлде мағлұматы жоқ екені анықталған. Авторлар сауалнамаға қатысқандардың 75 пайызы шағын және орта бизнес өкілдері екенін атап өткен», - дейді Қоғамдық мәселелерді талдау орталығының директоры Меруерт Махмутова. Олардың  пайымдауынша, компания қаншалықты ірі болған сайын оның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті түсіну деңгейі де жоғары болады.