Қазақстанда көшпелі туризм нарығы 25 пайызға төмендеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы 2 жылда Қазақстанда Түркияға туристік сапар жасауға ниет танытатындардың қатары 50 пайызға төмендегендігі байқалады. Бұл жайында Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Инвестицияар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаменті директорының орынбасары Темірғали Тырмышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2014 жылы туристік фирмалар арқылы шамамен жарты миллион турист тіркелген болатын. Соңғы 2 жылда Түркия бағытында құлдырау 50 пайыз мөлшерінде байқалып отыр. Көшпелі туризм нарығындағы құлдырау толықтай алғанда шамамен 20-25 пайызды құрайды», - деді Тырмышев.

Сонымен қатар таяуда ғана іске қосылған шетелде туристердің құқығына кепілдік беру жүйесінің қалай жұмыс істейтіндігін түсіндіріп берді.

«Көшпелі туризм саласында азаматтарға кепілдік беру жүйесі туристік оператордың кінәсінен шетелде қиын жағдайға тап болған біздің адамдарға шұғыл елге жеткізуге бағытталған. Сонымен қатар туристік нарық субъектілерінің жауапкершілігін арттыруды да көздейді. 2010 жылдан бастап жыл сайын жаздық маусым кезінде туристік оператордың банкрот болуына немесе қандай да бір алаяқтық сызба салдарынан орын алатын жәйттер жиілеп кетті. Ағымдағы жылы «Туристік Қамқор» деп аталатын айрықша қор енгізілді, оның қаржысы есебінен біздің азаматтар шұғыл елге жеткізілетін болады», - деді департамент директорының орынбасары.

Оның деректеріне сәйкес, осы уақытқа дейін 12 мың адам зардап шегіп, шығын сомасы ондаған миллионға жеткен.

«Бұл жүйе халықаралық тәжірибе негізінде құрылды. Оның негізіне Ұлыбритания тәжірибесі алынды, сонымен қатар скандинавиялық, ресейлік тәжірибелер де зерделенді. Алымның қазіргі қолданыстағы ставкасымен шамамен 180 млн. жинау жоспарлануда. Біз аталған сома туристерімізді елге жеткізу үшін чартерлер құруға жеткілікті болады деп есептейміз», - деді ол.

«Туристік Қамқор» қорының төрайымы Инна Рейдің айтуынша, қор 7 қарашадан бастап жұмыс істеуде. Басты тетігі - тур-код. Ол қызмет ұсынып отырған туристік оператордың қор тарапынан қорғалғандығын білдіреді.

«Ағымдағы жылдың 7 қарашасынан бастап туристік кодсыз шығу заңсыз деп есептелінеді. 40-тан астам туристік оператор қордың қатысушысы саналады, шамамен тағы 25-і шартқа қол қою процессінде. Жылдың соңына дейін барлығы да заңды туристік оператор болуы қажет», - деді Рей.