«Біздің комитет Ұлттық банкпен бірлесе келе цифрлық қосалқы құн салығы пилоттық жобасын енгізеді. Бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылады. Мақсат – цифрлық теңгені пайдалана отырып қосылған құн салығын қайтару процесін жетілдіру, жеңілдету. Цифрлық теңге – ұлттық валютамызды қолданудың жаңа түрі, бізде қолма қол және қолма қолсыз валюта бар. Бұл жаңашылдықты салықтық әкімшілендіру саласында қолданғалы отырмыз. Осылайша қосылған құн салығын қайтару мерзімін тексерусіз 55-75 күннен 15 күнге дейін қысқартуды жоспарлап отырмыз», - деді Қадыр Исмагулов агенттік тілшісіне берген сұхбатында.
Оның айтуынша, цифрлық теңгеге көшу экспортшылар мен инвесторлар үшін тиімді.
«Ол үшін экспортшылар қаражатын Ұлттық банкке цифрлық теңгеге ауыстыруы тиіс және таңбаланады. Импорттық тауарлар бойынша қосылған құн салығының ішіне барлық шығын кіреді, ал тауарды экспортқа жібергенде оның ішіне қосылған құн салығы кірмейді, олар өз қаржысынан өтейді, сондықтан экспортшыларға ҚҚС қайтарылады. Жалпы пилоттық жоба инвесторлардың қызығушылығын арттырып, экспортшылардың жұмысын жетілдіруде ықпалы басым, яғни экспортшылар қосылған құн салығына төлеген тез қайтаратын болса, айналымдары артып, жұмысы өнеді», - дейді ол.