Бұл туралы бүгінгі ОКҚ брифингінде Жоғарғы Сот алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов мәлім етті.
«Бүгінгі күні соттарға салынатын жүктеме бастан асып отыр деп айтуға болады. Әрбір судьяның қарауына айына жүзден астам іс түседі. Мұндай жүктемемен сапалы жұмыс істеуге мүмкіншілік жоқ. Сол себепті ҚР Президентімен шешім қабылданған, биылғы жылы 450 судья бізге жаңадан қосылатын болады. Биыл бірінші жартыжылдықта олардың барлығын байқау негізінде өткізіп, лауазымдарына тағайындау көзделуде. Яғни 450 судья жұмысқа кіріседі. Осы судьялар жұмысқа кіріскенен кейін істер тез әрі сапалы қаралатын болады», - деп атап өтті ол.