«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Парламент Сенатына депутаттар сайлауы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 69 бабымен, Қазақстан Республикасы Конституциясының 44 бабының 2 тармақшасына сәйкес 2014 жылдың 1 қазанына белгіленген», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Сенат депутаттарының сайлауына 39 үміткер қатысады.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес, 29 қыркүйек, 24.00-де үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аяқталды. Үгіт-насихат шарасының аясында сайлаушылармен 11-29 қыркүйек аралығында аймақтарда 266 кездесу өтті. 30 қыркүйек, сонымен бірге дауыс беру күні - 1 қазанда кез келген сайлауалды үгіт-насихатқа тыйым салынды.
Сайлау заңнамасының талабына сәйкес қазіргі уақытта таңдаушылардың барлық тізімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Таңдаушылардың бірлескен отырысы егер оған облыстың барлық мәслихаттарынан сайланған депуттардың 50 пайыздан астамы қатысса заңды болып саналады.
Дауыс беру өтті деп саналу үшін, оған таңдаушылардың бірлескен отырысында 50 пайыздан астамы қатысуы керек. Сайлауға қатысқан таңдаушылар даусының 50 пайыздан астамын жинаған үміткер сайланған деп саналады.
Егер дауыс берудің бірінші кезеңінде, оған екі үміткерден артық қатысу шартымен олардың ешқайсысы жеңіске жететін дауыс мөлшерін жинамаса, дәл сол күні дауыс берудің екінші кезеңі өтеді, оған тек басқа кандидаттармен салыстырғанда көбірек дауыс жинаған екі үміткер қатысады. Қайталап дауыс беру үшін бюллетеньге олардың тегі ғана қосылады. Екінші кезеңде басқа үміткерге қарағанда таңдаушылар дауысының көп санын жинаған үміткер жеңімпаз болып саналады, деп хабарлады ОСК.
Қазақстан Парламентінің Сенаты 47 депутаттан тұрады, олардың ішінде 32 сенатор барлық деңгейдегі мәслихаттардың таңдаушы-депутаттарының сайлауында: елдің әрбір 16 аймағынан Сенатқа екі депутаттан принципі бойынша сайланады. Тағы 15 сенаторды Мемлекет басшысы Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және басқа маңызды мүдделері қажеттілігін ескере отырып тағайындайды.
Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - 6 жыл.