АСТАНА. KAZINFORM - 2024 жылғы наурызда Қазақстандағы кітаптар өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 3,7% қымбаттады. Бұл жайында ұлттық статбюроның есебінен белгілі болды.
2023 жылдың қаңтар-желтоқсаны аралығында баспа компаниялары көрсеткен қызметтердің көлемі 70,2 млрд теңге болды.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қызмет көрсету көлемі 0,8% өсті.
Аталған соманың 23,5 млрд теңгесі — газет шығару, 16,7 млрд теңге — кітап шығару, 9,7 млрд теңге — баспа қызметінің өзге түрлері есебінен болған.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.