Қазақстанда құқыққа қайшы контент орналастыру үшін серверлерді жалға бергендер қылмыстық жауапқа тартылады

АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Әзірленіп жатқан Қылмыстық кодекстің жаңа жобасында құқыққа қайшы контент орналастыру үшін серверлерді немесе басқа да ақпараттық кеңістікті жалға берушіге қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын бап бар.

Бұл туралы бүгін Астанада «Қазақстан Республикасының медиа заңнамасын реформалаудың келешегі» атты тақырыпта өтіп жатқан дөңгелек үстел отырысы барысында сөз сөйлеген ҚР Бас прокуратура институты кадрларды бастапқы дайындау басқармасының басшысы Руслан Тоқтағұлов мәлім етті.

Прокуратура өкілінің айтуынша, қарастырылып отырған жаңа бапты енгізу сервердің дискілік кеңістігін немесе сервердің өзін пайдаланушылар тарапының шағымдануына елемеушілік міндетімен құқыққа қайшы контент орналастырған тұлғаны жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.

Руслан Тоқтағұловтың сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда дәл осындай серверлерді лаңкестік сипаттағы материалдарды, порнографияны, зиянды материалдарды, Интернет желілері арқылы құқыққа қайшы келісімдер жасау формулалары үшін пайдаланылып келеді.

«Бұндай хостингтің келеңсіз қызметін жүзеге асыратын тұлғалар құрылатын интернет-ресурстар бағытының жалпы құқыққа қайшылығы туралы құлақтандырылады. Соған байланысты жоғарылатылған төлемдер жасалады», - дейді Р. Тоқтағұлов.

Оның айтуынша, бұндай әрекеттерді қылмыс құрамының «жәрдем берушісі» ретінде жіктеу көптеген жағдайда мүмкін болмайды. Сондықтан да оларға қатысты жауапкершілік «қылмысқа қатыстылығы» бойынша қарастырылатын болады. Прокуратура өкілінің сөзіне қарағанда, мұндай қылмыстық-құқықтық шара еліміздің ақпараттық инфрақұрылымының аумағында отандық және шетелдік пайдаланушылардың құқыққа қайшы контент орналастыруына қарсы тазалықты сақталуын қамтамасыз етеді.