Еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында ауа райы 0-5 градусқа дейін суытады. Республиканың солтүстігінде ғана жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Солтүстік Қазақстан облысында, күндіз Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарында желдің күші 15-20 м/с-қа дейін барады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарындла жел күшейіп, екіпіні 15-22 м/с болады. Оңтүстік Қазақстанда жел 25 м/с-қа дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында кейбір аймақтарда тұман болып, күндіз 15-20 м/с жел соғады.