«Кей жерлерде өткінші қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы құбылмалы болады. Өткен демалыс күндермен салыстырғанда, климаттық нормадан 1-4 градус төмен болуы ықтимал», - делінген хабарламада.
13:00, 11 Маусым 2018
Қазақстанда күн суытуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы үш күнде Қазақстан аумағына суық, ылғалды ауа массалары келеді. Оның ықпалымен республиканың көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.