Қазақстанда күндізгі ауа температурасы 15 градусқа дейін төмендейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер Қазақстанда 1-3 тамыз күндері болатын ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Таяу күндерде республикадағы ауа райыорталығы Екатеринбургке тура келетін циклон ықпал етеді. Соған байланыстыҚазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауады,солтүстік және батыс өңірлерде ол күшеюі мүмкін. Күндізгі ауа температурасытөмендеп, 15…25°С айналасында болады», - делінген хабарламада.

Синоптиктердің айтуынша, кей жерлерде дауылтұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ыстықауа райы өзгермейді. Бұл өңірлерде ауа температурасы 32…40°С айналасында болады.