Оның айтуынша, инвестициялық блоктың негізгі мақсаты — Қазақстан заңнамасының ірі капиталды қажет ететін жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін көрсету.
— Қазіргі таңда жалпы құны 3 трлн теңгеден асатын 1300 келісім жасалды. Бұрын басымдық әлеуметтік маңызы бар, халықтың күнделікті тіршілігін қамтамасыз ететін жобаларға берілсе, қазір автомобиль жолдары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, сумен жабдықтау және су бұру салаларындағы жобалар да жүзеге асырылып жатыр, — деді Айдос Көбетов.
Ол сондай-ақ былтыр Мемлекет басшысының тапсырмасымен ерекше маңызы бар ірі жобалар тізімі айқындалғанын атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын іске асыруда Азия даму банкі және өзге де халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықты күшейтіп жатқаны хабарланған еді.