Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ғылым және адам ресурстары департаментінің бастығы Марат Телеуов мәлім етті.
«Жыл сайын Қазақстанда 30 мыңға тарта адам қатерлі ісік ауруына шалдығады, яғни күніне 80 адамнан астам. Онкотіркегіштің өзінде 140 мыңнан астам есепте тұр. Бұл сандар еріксіз жаға ұстатады», - деді ол «Онкология - қазіргі заманғы аспектілер және басым бағыттар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында.
М.Телеуовтың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан алдында онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім санын азайту мақсаты тұр.