Қазақстанда күннің жылынуына байланысты қардың күрт еруі күтілуде - синоптиктердің болжамы

None
АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық аумақтары бойынша ауа температурасының жоғарылауына байланысты елдің таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қар жылдам еруі ықтимал, деп хабарлады Қазгидромет.

«Ауа температурасының жоғарылауына байланысты Қазақстанның барлық аумақтары бойынша 17-20 наурыз аралығында елдің таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қард күрт еруі мүмкін», - деп хабарлады синоптиктер.

Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 0-8 градустан 5-13 градус жылылыққа дейін, күндіз 10-20 градустан 20-25 градусқа дейін жылы болады, шығыста түнде минус 3-8 градустан кей жерлерде 12-17 градустан, -2+3 градусқа дейін, күндіз плюс 2-7 градустан 7-17 градусқа дейін көтеріледі.