Қазақстанда құрылыс барысын дрон және жасанды интеллектінің көмегімен бақылайды

Фото: Александр Павский / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Енді құрылыс барысын бақылауды дрон және жасанды интеллектінің көмегімен жүзеге асырмақ. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова мәлім етті.

– Дрон берілген аумақты айналып ұшып шығады, ал жасанды интеллект ұшу нәтижесі бекітілген бас жоспарлар және егжей-тегжей жобалау жоспарымен салыстырып тексереді. Егер сәйкессіздік анықталса, мәлімет мемлекеттік архитектура-құрылыс бақылау комитетіне жолданады, – деді Жәннат Дүбірова орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, құрылыс саласында жасанды интеллектіні қолдануға бағытталған пилоттық жоба жыл соңына дейін іске қосылады.

Айта кетсек, елімізде жасанды интеллект институты ашылмақ. 

Мамырда мемлекеттік қызметшілерге арналған жасанды интеллект курсы басталды.