«Құрылыс кодексінің жобасы мен оған ілеспе құжат жобасы Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді. Кодекс сәулет әрі қала құрылысы, сондай-ақ құрылыс саласында жүйелі тетіктерді белгілеуге, құрылыс процесінің барлық кезеңін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік беретін eQurylys ақпараттық жүйесін енгізуге бағытталған», - деді депутат Нұртай Сабильянов Мәжілістің жалпы отырысында.
Сонымен қатар, аталған құжат жобасында құрылыс саласындағы рұқсаттардың бірыңғай тізілімін бекіту, сәулет әрі құрылыс қызметіне қоғамдық бақылауды енгізу ескерілген.
«Сондай-ақ заң жобасында құрылыс сапасын арттыру, құрылыс нысандарын пайдаланудың кепілдік мерзімін 2 жылдан 5 жылға дейін ұлғайту қарастырылған. Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті аталған құжат жобалары бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Мәжіліс депутаты.