2025 жылғы қаңтар-тамыз айларында еліміздегі күріш өндірісінің көлемі 122,3 мың тоннаны құраған.
Биылғы қаңтар-шілде айларында ішкі нарықта 70,5 мың тонна күріш өткізілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9%-ға жоғары.
Осы кезеңде күріш экспорты да айтарлықтай өсті. Қаңтар-шілде айларында сыртқы нарықтарға жеткізілген күріш көлемі былтырғы 70,9 мың тоннадан 88,8 мың тоннаға дейін артып, өсім 25,3%-ды құрады. Экспорт құны 24,7 млн АҚШ доллары деңгейінде сақталды.
Қазақстан күрішін сатып алатын негізгі елдер қатарында Ауғанстан, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан бар.
– 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында күріш экспортының көлемі импорт көлемінен 18 есе жоғары болды. Осы кезеңде күріш импорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70,7%-ға төмендеді, – делінген Ұлттық статистика бюросының мәліметінде.
Импорттық жеткізілімдер көлемі 16,7 мың тоннадан 4,9 мың тоннаға дейін, ал оның құны 9 млн АҚШ долларынан 3,3 млн АҚШ долларына дейін қысқарды.
Қазақстанға күріш жеткізетін негізгі елдер – Үндістан, Ресей, Пәкістан, Таиланд және Өзбекстан.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда күріш экспортына қатысты шектеулер алынып, отандық өндірушілерге өнімді сыртқы нарықтарға еркін шығаруға мүмкіндік берілгені хабарланған.