Есептік кезеңде орындалған жұмыс көлемінің басым бөлігі жол және авомагистраль құрылысы - 665,1 млрд теңге, инженерлік құрылыстар - 534 млрд теңге, тұрғын үй ғимараттары - 337,9 млрд теңге және өндіріс ғимараттары - 324 млрд теңге.
Жөндеу-құрылыс жұмыстарының көлемі 3,5 пайызға кеміп, 2543,9 пайызды құрады. Күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша құрылыс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 42,9 пайызға өсіп, 22,5 пайызды құрады.
Осы жылдың қаңтар - қараша аралығында 28 731 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды. Оның 157-сі тұрғын үй, 2574-і басқа мақсатта тұрғызылған. 76 мектеп салынып, 50 мектепке дейінгі, 50 амбулаториялық ұйымға арналған ғимарат және 1 аурухана пайдалануға берілді.
22:28, 13 Желтоқсан 2017
Қазақстанда құрылыс көлемі жыл санап ұлғайып келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы құрлыс жұмыстарының көлемі 2017 жылдың қаңтар-қараша аралығында 2949,6 млрд теңгені құрады, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,3 пайызға артық. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісі Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.