Қазақстанда құс етінің өндірісі артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың қаңтар-шілде айларында балғын және тоңазытылған құс етінің өндірісі 64,2 мың тоннаны құрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 3,5%-ға көп. Сондай-ақ, 75,9 мың тонна үй құсының мұздатылған еті өндіріліп, 2021 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 0,1%-ға артық. Бұл туралы ҚазАқпарат energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Өндірістің басым бөлігі Алматы және Ақмола облыстарына тиесілі. Мәселен, Ақмола облысында 38,4% балғын немесе тоңазытылған және 18,6% мұздатылған құс еті, Алматы облысында — 16,6% балғын немесе салқындатылған және 50,6% мұздатылған құс еті өндірілді.

Осы жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша құс етінің құны бір жылда 27,9%-ға қымбаттаған. Оның ішінде тауық 25,9%-ға, тауықтың сан еті — 28,5%-ға, кеудесі - 29,3%-ға, жіліншік пен сан - 29,5%-ға өскен.

Өңірлік бөліністе құс бағасы Маңғыстау облысында қатты қымбаттаған: 43,8%-ға. Антилидерлер үштігінде Ақтөбе (37,8%) және Павлодар (35,2%) облыстары да бар. Ең арзан баға Қарағанды облысында тіркелді: жылына 15%.

Осы жылдың тамыз айында ҚР дүкен сөрелері мен базарларында бір келі тауық еті 1,3 мың теңге, бір келі тауықтың сан еті — 1,2 мың теңге болды.