Қазақстанда құтқарушылар қысқартылмайды - ҚР ІІМ ТЖ комитеті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда құтқарушылар қысқартылмайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

«Төтенше жағдайлар комитеті құрылымында оңтайландыру шаралары жүргізілді. Біз екі құрылымды, яғни суда құтқару қызметін және жедел-құтқару отрядтарын біріктірдік. Осы тұрғыда құтқарушыларды қысқарту мәселесі қарастырылған жоқ. Атап айтқанда, бұл бағытта әкімшілік мамандарды қысқарту туралы мәселе көтерілген болатын. Құтқару қызметтері мен бөлімшелерді қысқарту мәселесі ешқашан да көтерілген емес, себебі бұл кез келген төтенше жағдайлар кезінде азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей байланысты. Біз керісінше құтқарушылар санын арттыруға тырысудамыз. Сонымен қатар олардың біліктілігіне ерекше мән беріледі», - деді Р. Иманқұлов.

Бұдан бөлек ресми өкіл құтқарушылардың арнайы техникамен жабдықталуы мәселесіне тоқталды.

«Бүгінде бізде барлық қажетті өрт сөндіру техникасы жабдықталған, сонымен қатар көп қызметті атқаруға қауқарлы техникаларды алып жатырмыз. Бұл техника өрт сөндіру, адамдарды қауіпсіз жерге көшіру және басқа да әрекеттерді жасай алады», - деп түсіндірді ол.