Айта кеткен жөн, өткен жылы ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіне бұйрық өндірісінің тәртібі бойынша өзгерістер енгізілген болатын. Жылдың басында аталған өзгерістер күшіне енді. Кодекстің 629-1 бабы, 4-тармағына сәйкес, судья сотталушыны шақырмай-ақ, қылмыстық істі қарай алады.
Қызылорда қаласында қылмыстық іс жүргізудің жаңа тәртібі бойынша сот отырысы өтті. Онда 2-курс студенті К. есімді азаматтың ісі қаралды. Сот материалдарына сәйкес, ол өзімен бірге суық қару саналатын «кастет» ұстап жүрген. Студент теміржол вокзалындағы ренгтген аппаратынан өткен кезде күзет қызметі оның сөмкесінен кастетті тапты. Аталған құқық бұзушылық үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 10-бабы, 3-тармағы бойынша жауапкершілік қарастырылған.
«Сотталушы Алматы қаласындағы университетте оқиды. Қазіргі кезде ол емтихандарды тапсырып жүр. Осыған байланысты қылмыстық істі процессуалды бұйрық тәртібі бойынша өткізу туралы өтінішхат берілді. Сот К. есімді азаматты кінәлі деп танып, 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді», - делінген соттың ресми хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін елімізде тек азаматтық істер ғана сотталушысыз қаралып келді.