Қырғыз Республикасының көші-қон және жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Тұрсын Сабыровтың айтуынша, Қазақстанда шамамен көршілес республиканың 60 мың азаматы жүр. Республикадан тыс жерде жүрген қырғыз азаматтарының барлық саны - 500-600 мың адамды құрайды, оның басым бөлігі күнкөрісін айыру үшін Ресей Республикасында еңбек етуде.
Қырғызстанда сегізінші рет өткізіліп отырған конференцияның жұмысына Ресей, Қазақстан, Италия, Оңтүстік Корея, Қытай, Түркия, Мысыр елдеріндегі қырғыз диаспораларының жетекшілері мен көшбасшылары, Қырғыз Республикасы мемлекеттік құрылымдарының өкілдері қатысуда.