Қазақстанда қыркүйек айында 102 мыңнан аса автокөлік есепке қойылды - статистика

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы қыркүйекте 102,2 мың автокөлік құралы есепке қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,9 %-ға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, мұның ішінде жеңіл автомобильдер – 10,4 %-ға, жүк көліктері – 20,8 %-ға, ал автобустар саны 5,6 %-ға артқан.

«Мәселен, 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 362 мыңды құрады, оның ішінде 87,8 %-ы жеңіл автомобильдер, 10,2 %-ы жүк көліктері және 2%-ы автобустар.

Жыл басынан қыркүйектің соңына дейін елімізде 10 258 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 15 092 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апат саны 8,9%-ға артты», - деп жазды ведомстводан.

1 қазандағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 35,9 млрд теңгеге 68 885 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.

Соңғы жаңалықтар