Қазақстанда қырыққабат, қызылша және жемістердің бағасы түсті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 2019 жылғы шілдеде азық-түлік бағасы 2018 жылдың шілде айымен салыстырғанда 8,7%-ға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстанда нанөнімдері, жарма, ет, балық, теңіз және сүт өнімдері, жұмыртқа, май, көкөністер,қант, кондитерлік өнімдер, алкогольсіз сусындар мен алкогольді ішімдіктергебаға қымбаттап, тисінше ақ қырыққабат, қызылша, қияр, жеміс бағасы арзандаған.

Биыл дәндідақылдардың бағасында үнемі өзгеріс байқалды. Өткен жылдың дәл осы айында қарақұмықтың орташа бағасы 1 кг үшін 257теңге болса, биыл шілдеде 240 теңгені құрап отыр. Ал күріш 298 теңгеден, 361теңгеге қымбаттады.

Шілдедетүйіршіктелген қанттың орташа бағасы 1 кг үшін 236 теңге болды, өткен жылы оныңқұны - 224 теңге болған еді.

Сүт өнімдерінен,сүзбенің орташа бағасы 2019 жылғы шілдеде 1 кг 1549 теңге (2018 жылғы шілдеде -1550 теңге), қаймақ - 1064 (1027), айран - 287 (278), пастерленген сүт - 242(218).


Автор: Асхат Ахметбеков

Соңғы жаңалықтар