Әрбір облыстық бөлімше қыс басталар алдында апаттық-құтқару қызметтер мен құралымдардың дайындығын тексереді. Павлодар облысының аумағында «Қыс-2016» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу сағат 9.00-де басталды. Бірінші кезең барысында қыс кезеңіндегі төтенше жағдайлардың салдарын жою кезіндегі құтқару және апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына тартылатын аумақтық бөлімшелердің басқару органдарының, күштер мен құрылымдарының әзірлігі тексеріледі. Күшейтілген жұмыс режиміне көшу жүзеге асырылуда.
Департаменттің дағдарыс орталығында Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволары атынан жедел топтардың өкілдері, республикалық оқу-жаттығу штабының мүшелері, АҚ және ТЖ қызметтерінің басшылары жиналды, олардың назарына қойылған міндеттер жеткізілді.
ҚР ІІМ ТЖ комитеті төрағасының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі - оқу басқару штабының бастығы М.М.Күлдіков бағынысты құрылымдар мен қүштердің құтқару және басқа кезек күттірмейтін жұмыстарды орындауға дайындығы туралы бейнеконференциялық байланыс режимінде облыстың, Астана және Алматы қалалары ТЖ департаменттерінің бастықтарымен селекторлық жиналыс өткізді.
ТЖ департаментінде жауынгерлік есеп жұмысы ұйымдастырылды. Облыстық азаматтық қорғаныс қызметімен, қала және аудандардың төтенше жағдайларды алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялармен тұрақты байланыс орнатылды, басқарма сигналдары мен нұсқауларын хабарлау, ақпарат сұрау және іс-шараны орындау туралы хабар жеткізіліп отырды. Іс-шараларға қаржы, материалдық-техникалық және басқа ресурстардың күштері мен құралдарын тарту бойынша есеп топтар нақтыланып түзетілді.