Қазақстанда қыстың ең суық күндері ақпанда болады
«Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының кейбір жерлерінде ауа температурасы орта есеппен (желтоқсан - ред.) -5, +2 деп күтілуде. Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстанда -6,-17 болатыны жоспарлануда. Ал, қалған өңірлерде ауа температурасы тұрақты. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ Алматы облысының көп бөлігінде, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда жауын-шашынның айлық мөлшері шамадан тыс. Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының көп бөлігінде және Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын мөлшері аз болады деп күтілуде», - дейді Светлана Аманқұлова.
Маусымдық болжам бойынша қаңтар айында Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбылдың оңтүстік бөлігі және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы қалыпты, ал басқа аймақтарда Цельсий бағамы бойынша қалыпты шамадан бір градус төмен. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе және Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында қаңтар айында жауын-шашын мөлшері аз болады.
Ал Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын мөлшері тұрақты.
«Ақпан айында Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында ауаның орташа температурасы қалыпты. Еліміздің басқа аумақтарында ақпан айында температура төмендейді, яғни Қазақстанның көптеген аумағында қыстың ең суық айы ақпан болады. Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында ақпан айында жауын-шашын мөлшері аз болады. Ал, қалған аймақтарда - қалыпты деп күтілуде», - дейді ол.