Ондай фактілер бар. Бұл туралы бүгін журналистерге сұхбат берген ҚР Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы) төрағасының бірінші орынбасары Андрей Лукин мәлім етті.
А.Лукин осы қылмыстар аясындағы қаржының нақты көлемі туралы айтқан жоқ. Себебі әрбір қылмыс бойынша қаржының көлемі әрқилы болып келеді. «Қазақстанда лаңкестік ұйымдарды қаржыландыру арналары дер кезінде анықталып жатыр. Ондай фактілер бар. Оған жауапты адамдар қылмыстық жауапқа да тартылады. Заң бойынша тергеу құпиялығы сақталуы тиіс. Сондықтан бүгінде мен ондай оқиғалар туралы толық ақпарат бере алмаймын», - дейді А.Лукин.
12:47, 27 Маусым 2012
Қазақстанда лаңкестік ұйымдарды қаржыландыру арналары әшкереленіп жатыр - Андрей Лукин
АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанда лаңкестік ұйымдарды қаржыландыру арналары дер кезінде анықталып жатыр.