«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғын ұй құрылысына қолдау көрсету үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы əзірленіп, қабылданды. Оған «Нұрлы жер» бағдарламасының бұрынғы талаптары мен өңірлерді дамыту бағдарламасы және барлық тұрғын үй мəселелері енгізілді. Жаңа бағдарлама бес негізгі міндетті іске асыруды көздейді»,-деді Мархабат Жайымбетов.
Комитет төрағасының айтып отырған бес бағыты мыналар:
1. Ипотекалық несиенің қолжетімділігін арттыру
2. Жеке құрылыс салымшыларын тұрғын үй салуға ынталандыру
3. Тұрғын үй жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй салу
4. Халықтың əлеуметтік жағынан осал топтары үшін сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үй салу
5. Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту.