Бұл туралы «Локомотив» АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.
Солтүстік, батыс және шығыс өңірлерде көктемгі комиссиялық тексеру 10 сәуір күні басталды. Көктемгі іс-шаралардың кештетіп басталуы жергілікті жерлердің ауа райына байланысты. Локомотивтерді жазғы маусымға дайындау 30 мамырда аяқталады деп күтілуде.
Көктемгі комиссиялық тексеру барысында электровоздар мен тепловоздардың жазғы тасымалдауларға әзірліктері тексеріледі. Олардың техникалық және өртке қарсы жағдайлары, қажетті құрал-жабдықтардың болуы назарға алынады. Онымен бірге локомотивтер санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы тиіс.
Тартқыш жылжымалы құрамдарды әрбір локомотивті депода құрылатын арнайы комиссиялар тексеретін болады.
Көктемгі комиссиялық тексеру - пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі шаралардың бірі.