Қазақстанда мақта-мата өндірісі 3,4 есе өсті

АСТАНА. KAZINFORM — Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйегінде Қазақстанда мақта-мата өндірісі 4,47 млн шаршы метрге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4 есе артты. Алайда ішкі нарықтағы импорт үлесі әлі де жоғары – 88,5%. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.

Фото: Ұлттық статистика бюросы

Осылайша, 2026 жылдың тоғыз айында мақта-мата өндірісі 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4 есе артты. Өндірістің негізгі үлесі Алматы мен Шымкент қалаларына тиесілі.

2026 жылғы қаңтар-тамызда мақта-мата импортының көлемі 30 626,7 мың шаршы метрді немесе ресурстардың жалпы көлемінің 88,5%-ын құрады. Отандық өндірістің үлесі 11,5% болды.

Ішкі нарық өнімді өткізудің негізгі бағыты болып отыр. 2026 жылғы қаңтар-тамызда өнімді өткізу көлемі 34 362,7 мың шаршы метрге жетіп, жалпы пайдалану көлемінің 99,2%-ын құрады. Экспорт көлемі 287,5 мың шаршы метр болды.

Бұған дейін Қазақстанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 51,9 трлн теңгеге жеткенін жаздық.