АСТАНА. KAZINFORM - 2023 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанда мақта-мата өндірісі өсті. Көрсеткіш 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 82,9% артық. Аталған өнімнің 20 млн шаршы метрі шығарылды.
Фото: Pexels
Сонымен қатар аталған мата түрінің импорты да өсті — 36,6%.
Яғни, өткен жылдың 11 айында 140,5 млн шаршы метр өнім импортталған (102,9 млн шаршы метр — 2022 жылғы қаңтар-қараша).
Сырттан әкелінген өнімнің нарықтағы үлес салмағы — 87,5%.
Фото: Pexels
Өткен жылдың қаңтар-қараша айларында 3,9 млн шаршы метр мақта-мата экспортталған.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.