Қазақстанда мал шаруашылығына жеңілдетілген несие беретін жаңа бағдарлама іске қосылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда мал шаруашылығын дамытуға арналған жеңілдетілген несиелеудің жаңа «Жайлау» бағдарламасы іске қосылды.

Коллаж: Kazinform/ Canva

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, бағдарлама 300 басқа дейінгі ірі қара мал немесе 1 000 басқа дейінгі ұсақ мал өсіруге арналған жаңа мал шаруашылығы кәсіпорындарын құруды қолдауға бағытталған.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%-дан аспайды, ал қаржыландыру мерзімі 10 жылға дейін белгіленген.

Қаржыландыру көлемі:

  • ірі қара мал өсіру жобалары үшін — 350 млн теңгеге дейін;

  • ұсақ мал өсіру жобалары үшін — 200 млн теңгеге дейін.

Бағдарламаға қатысты толық ақпаратты жергілікті Аграрлық несие корпорациясынан немесе Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясынан алуға болады.

Еске салайық, бұған дейін Премьер-министр асыл тұқымды мал басын сатып алу жұмысын жеделдетуді тапсырған еді.