«Жоғарғы сот тарапынан инвесторлардың қатысуымен болатын сот дау-дамайдарын шешудің арнайы тәртібін құру бастамасы көтерілді. Осы орайда мамандандырылған инвестициялық сотты немесе сот құрамын, сондай-ақ мамандандырылған сот алқасын құру нұсқалары қарастырылуда»,-деді Н. Қайыпжан. Айта кетейік, соңғы 6 жылда Қазақстанда сот актілерімен жалпы сомасы 240 млрд. теңге көлемінде заңды тұлғалардың (шетелдік инвесторларды қоса есептегенде) құқықтары қорғалды. Салыстыратын болсақ, мемлекеттік органдардың пайдасына тек 40 млрд. теңге көлемінде өндірілді.
13:54, 28 Қаңтар 2015
Қазақстанда Мамандандырылған инвестициялық сот ашылмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда Мамандандырылған инвестициялық сот ашылады.бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Жоғарғы сотының судьяы Нұржан Қайыпжан мәлім етті.