Қазақстанда мас күйде көлік жүргізгендерді тексеру тәртібі жаңартылады

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы» жаңа бұйрық жобасын жариялады. Құжат «Ашық НҚА» сайтында 27 наурызға дейін қоғамдық талқылауға қойылған.

Фото: Pexels

Құжат психоактивті заттарды қолданған жағдайда медициналық куәландыру рәсімін жетілдіруге бағытталған.

Атап айтқанда, жаңартулар мас күйінде медициналық куәландыруды жүргізу тәртібін нақтылауға, сондай-ақ адамның жай-күйін бағалаудың дәлдігі мен толықтығын арттыруға арналған. Ең басты жаңалықтардың бірі — мас болу дәрежесін сапалық көрсеткіштер арқылы анықтау. Бұл жүргізушінің жағдайын дәлірек бағалауға және даулы жағдайлардың санын азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, бұйрық зертханалық зерттеулер жүргізу тәртібін де егжей-тегжейлі бекітеді, бұл медициналық қорытындылардың объективтілігін арттырады.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, аталған өзгерістер медициналық куәландыру рәсімдеріне сенімділікті арттырып, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін күшейтеді.
Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, аталған өзгерістер медициналық куәландыру рәсімдеріне сенімділікті күшейтіп, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттырады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Сенат депутаты Жанна Асанова жеке зертханаларға жүргізушілерді мас күйінде тексеруге рұқсат беруді ұсынған болатын.