Қазақстанда машина жасаушы компанияларға салық жеңілдіктері енгізілмек

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты, Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы Мейрам Пішембаев машина жасау саласын дамту жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

«Машина жасау саласының дамуы – ол кез келген ел экономикасының көрсеткіші.Германия экономикасында бұл салаға 40 пайызға дейін, Ресейде 27 пайызға дейінтиесілі. Өкінішке қарай, бізде машина жасау бұл деңгейге жете қойған жоқ.Алайда соңғы жылдары осы бағытта қарқынды даму бар, сәйкесінше, импортқысқарып, кәсіпорындар саны артып келеді. Ең бастысы – елі ішінде және шетелдеөнімге сұраныс бар. Көрші елдер өздерінің машина жасау саласын белсенді түрдедамытуына байланысты бізге олардан қалыс қалуға болмайды», - деді М. ПішембаевҮкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанда саланы дамыту үшін қажетті әлеует пенбаза бар.

Машина жасау өнімі көлемін арттыру, ішкі тұтыну көлемін жоғарылату,импортқа тәуелділікті төмендету, сондай-ақ экспортқа негізделген өнімді көбейтуүшін 2019-2024 жылдарға арналған Машина жасауды дамытудың жол картасыәзірленді.

«Аталған құжат үш басымдыққа негізделген. Біріншісі - өнеркәсіптік саясаттуралы заңды қабылдау, екіншісі – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық дамуминистрлігі жанында Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы қорын құру. Үшіншісі –кәсіпорындар үшін салықтық жеңілдіктерді енгізу ұсынылуда. Бұл тұрғыдақолданыстағы өндіріс қуаттарын жаңғырту мен отандық кәсіпорындардың экспорттықәлеуетін арттыруға екпін қойылады», - деді Қазақстан машина жасаушылар одағыныңтөрағасы.

Соңғы жаңалықтар