«Бүгінде елімізде маска шығару артығымен жүзеге асырылуда. Бұл маскаға деген сұраныс пен қолданысқа да байланысты. Масканы әр адам әртүрлі қолданады. Біреулер талапқа сай пайдаланса, кейбіреулер бір маскамен 2-3 күн жүреді. Бізде қазір масканың 2 түрі бар, бірі - медициналық, екіншісі - қорғаушы маска. Қорғаушы маска тіркеу куәлігі сынағынан өте алмады. Сондықтан да оның бағасы арзан. Яғни медициналық маска - 60 теңге болса, қорғаушы маска 40 теңге тұрады», - деді Е. Есқалиев.
Оның айтуынша, «СҚ Фармация» қоймасында маска қоры сақталмайды, яғни шығарушы ұйымдар медициналық мекемелерге тікелей жеткізеді.
Айта кетсек, бұған дейін аталған ұйым басшысы елімізде 2021 жылға арналған дәрі-дәрмек қоры сатып алынып жатқанын айтқан болатын.