Өткен айда азық-түлік тауарлары бағасы 0,2%, азық-түлік емес тауарлар - 0,4%, ақылы қызметтер 0,2%-ке қымбаттады.
Жыл басынан бері, 1 шілдедегі жағдай бойынша азық-түлік тауарларына 5,9%, азық-түлік емес тауарларға - 2,2%-ке көтерілген. Ақылы қызметтер 0,9%-ға арзандады.
Жыл басынан бері тары бағасы - 35,2%-ке, көкөністер - 17,4%, ұн - 14%, күріш - 12%, қой еті - 9,2%, мұздатылған балық - 8,7%, нан - 8,5%, макарон өнімдері - 7,5%, жеміс-жидектер - 7,3%, жылқы - 6%, сиыр еті - 5,9%, құс еті - 5,4%, мәйек ірімшігі - 5,2%, шошқа еті - 4,9%, ұннан жасалған өнімдер - 4,8%, шұжық өнімдері - 3,9%, шәй - 3,6%, кондитерлік өнімдер - 3,4%-ға өскен.
Салқындатылған сусындар - 7,9%, алкогольдік ішімдіктер - 5,1%, темекі бұйымдары - 5%-ға жоғарылады. Жұмыртқа 9,8%, шикі сүт 3,8%, сүзбе 2,4%, қарақұмық 1,6%, қант 1,1%-ға арзандады.
Фармацевтикалық өнімдер бағасы 4,8%-ға өссе, көлік құны - 3,7%, жиһаз бен тұрмыстық хаттар - 3,6%, текстильді бұйымдар - 3,4%, киім мен аяқ-киім - 3,3%, жуатын және тазалайтын құралдар - 3%, жеке қолдану тауарлары - 2,9%-ке өскен.
Бензин - 4,6%, дизельдік отын - 1,3%, сұйылтылған газ - 0,9%-ке арзандады.
Шипажайлар бағасы 7,4%, жеке көлікті сақтандыру - 5%, денсаулық сақтау қызметтері - 4,1%, шаштараз және қоғамдық тамақтану - 3,3%, қонақүйлер - 2,2%, кабельдік телеарна - 1,3%-ке қымбаттады.
Әуе көлік құралдарымен жол жүру бағасы 1%-ке өссе, теміржол - 1,8%-ке арзандады.