Оның айтуынша, медициналық авиация жұмысы пациенттерді тасымалдау, бетпе-бет консультациялар жүргізу, қашықтан медициналық қызметтер көрсету, операциялар жүргізуді ұйымдастыру, донорлық органдар мен биоматериалды тасымалдау сияқты бағыттарда жүргізіледі. Бүгінгі таңда орта есеппен медициналық авиация тәулігіне 15-ке дейін ұшуды жүзеге асырады.
Медициналық авиация мүддесінде 24 ұшақ және 13 тікұшақ пайдаланылады. Олардың бәрі ҚР Азаматтық авиация комитетінде сертификатталған.
Негізі қаланғаннан бастап (2011 жылдан бастап) 2021 жылғы қараша аралығындағы орындалған ұшулар саны 20 481.
Азаматтық авиацияның тұрақты рейстерінің әуе кемелерімен бейінді мамандар жергілікті жерлерде бетпе-бет консультациялық және жедел көмек көрсету үшін 152 ұшуды орындады.
Донорлық органдарды алу және тасымалдау үшін 75 ұшу жүзеге асырылды. Шетелде ауыр халде жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарын және қандастарды еліміздің клиникаларына тасымалдау мақсатында әлемнің 24 елінен 92 шетелдік ұшулар орындалды.