«Биыл наурыз айында отандық фармацевтикалық кәсіпорындар тәулігіне 170 мың дана медициналық бетперде шығарса, бүгінде бұл көрсеткіш 2 есеге артып, 340 мың данаға жетті. Ал залалсыздандыру құралдарын өндіру тәулігіне 86 мың литрді құраса, қазіргі уақытта 170 мың литрден асты», - делінген ведомствоның Telegram парақшасында жарияланған ақпаратта.
15:36, 05 Мамыр 2020
Қазақстанда медициналық маска өндірісі екі есеге өсті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда карантин кезеңінде медициналық маска мен антисептикалық құралдар өндірісі екі есеге өсті. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.