Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.
Жедел жәрдем көліктерін аталған құрылғылармен жабдықтау қызмет көрсету сапасы мен жеделдігін қамтамасыз ететіндігін атап өткен министр: «Жүйені енгізу шынайы уақыт режімінде санитарлық автокөліктің қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде шақырту түскен мекен-жайға тақау тұрған жедел медициналық көмек бригадасын қысқа мерзімді бағыттаға мүмкіндік береді», - деді.
Сонымен қатар оның атап өтуінше, жергілік бюджет есебінен қаржыландырылатын жедел медициналық қызметке бөлінген ақша ағымдағы жылы 27,9 пайызға өскен. «Дегенмен бұл қызметтің қаржыландырылуында теңсіздік орын алуда. Мәселен, Алматыда бір шақыру 6 996 мың теңгенің құраса, Қостанай облысында не-бәрі 2534 теңге», - деді ол.