Жоғары сыныптардан 1500-ден астам оқушы ұялы телефон арқылы Интернетте сайысқа түсті. Мектеп оқушылары спорт, XX ғасыр, өнер, Қазақстан тарихы, Қазақстан табиғаты, денсаулық, ғылым сияқты тақырыптарда ең ақылды атағы үшін бақ сынасты. Ойын 20 мың сұрақтан тұрды. Астанада финалға 10 ойыншы қатысты: бесеуі қазақ тілінде, бесеуі орыс тілінде.
Қазақ тілді оқушылар арасында бірінші орынды Шымкент қаласмындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Ақжол Ернұр, 2 орынды Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқия орта мектебінен Ерназ Байбақты, 3 орынды Шымкент Назарбаев зияткерлік мектебінен Еламан Лесов иеленді.
Ортыс тілділер арасында 1 орынды Павлодар облысы Ақсу ауданы №14 мектебінен Данил Корчагин, 2 орынды Семей білім беру-инновациялық лицейінен Қайдар Кеңесбаев, 3 орынды Павлодар облысы №14 мектебінен Илья Карепов иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ноутбуктер, планшеттер, смартфондар алды.
21:26, 02 Желтоқсан 2016
Қазақстанда мектеп оқушылары мобильдік телефон арқылы «Кім ақылдырақ?» турнирін ойнады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Кім ақылдырақ?» онлайн-турнирінің жеңімпазын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.