«Білім беру саласын дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2014 жылы Астанада оқушыларды тамақтандыру клмбинатының құрылысы басталды. Өзге аймақтарда осындай комбинаттарды салу мәселесін қарастырып жатыр», - дейді ол.
Энергияны аз тұтынатын комбинаттар мектепке балаларға арналған сапасы жоғары түскі және таңертеңгі астарды дайындайтын болады. Онда өнімдер мен азық-түліктердің тек сапалы түрлері қолданылып, үш деңгейлі тексерістен өтіп тұрмақ. Асты дайындау және жеткізу барысында барлық санитарлық талаптар қарастырылмақ.