«7-ші Қазақстанның азаматтық форумындағы ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша іс-шара жоспары жобасында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның тиімді қарым-қатынасының негізгі міндеттемелері мен мақсаттары қарастырылды. Алдағы үш жылда министрліктің алдына мынадай міндеттемелер қойылған: мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар мен мемлекеттік гранттар аясында қоғамдық бақылауды коммерциялық емес ұйымдармен бірлесіп дамыту, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар мен гранттардың салалық бағытын кеңейтіп, қаржыландырылуын ұлғайту, ҮЕҰ секторының бәсекеге қабілетті орта мен өзін-өзі реттейтін ұйымдардың мемлекеттік функцияларды беруге дайындық талдауын жасау, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында ҮЕҰ үлес есебі бойынша әдістеме жобасын дайындау. Алда жергілікті қауымдастық қажеттіліктерін бағалау әдістемесін әзірлеу және енгізу, қоғамдық кеңестер қызметін жетілдіру аясындағы жұмыстар, Қазақстан Республикасында еріктілер жұмысын дамыту бойынша заң негіздерін жасау міндеттері тұр», - деді Нүкенов.
Вице-министр Қазақстанда еріктілер қозғалысы кеңінен танылғанын және бұл қозғалыстың мәртебесін заңмен белгілеу керектігін атап өтті.
21:50, 29 Қараша 2016
Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың салалық бағытын кеңейту жоспарлануда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың салалық бағытын кеңейту жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Абзал Нүкенов «ҚазМедиаОрталықта» өткен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.