«Қолжетімді баспана» туралы айтатын болсақ, 2-3%-ға қымбаттау бар. Басқа салаларды қарасақ, керісінше баға түскен. Біз қазір маусым және қаңтар айларындағы бағаларды (құрылыс материалдары бойынша) салыстырдық, металл бойынша аздап жоғарылау байқалады, ал басқа материалдардың құны барлық жерде түсіп жатыр», - деді Мархабат Жайымбетов.
Оның сөзіне қарағанда, мұндай аxуал елімізде екінші мәрте қайталанып отыр.
«Сіздер білесіздер, 2007 - 2008 жылдардағы дағдарыста осылай болған. Сұраныс азайғанда, xалықтың сатып алу деңгейі төмендегенде - материалдар құны түседі. Импорттық тауарлар бойынша 30 пайыздық өсім тіркелді. Бірақ ол негізінен премиум, элит санатындағы баспанаға қатысты. Біз үшінші және төртінші санаттар бойынша қолжетімді баспана саламыз. Ал бірінші және екінші санаттағы пәтерлердің бағасы артты», - деп сөзін түйіндеді ол.
12:41, 03 Ақпан 2016
Қазақстанда мемлекеттік бағдарламамен салынған тұрғын үйлердің бағасы өсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы тұрғын үйлерінің құны 2-3%-ға жоғарылады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов мәлім етті.