Қазақстанда мемлекеттік қарыз бойынша қызмет көрсетуге жыл сайын 900 млрд теңге бөлінеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Қазақстанның мемлекеттік қарызы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік қарызға байланысты мәселе біздің ерекше бақылауымызда. Бүгінде мемлекеттік борыш деңгейі ЖІӨ-ге қатысты шамамен 30%-ды құрайды», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, рейтинг агенттіктерінің үлкен үштігі Қазақстанның фискалдық-бюджеттік саясатының тұрақтылығына баға беріп, мемлекеттік борыштың төмен деңгейін атап өткен.

«Басқа елдермен, Еуроодақпен салыстыратын болсақ, оларда қарыз деңгейі 80%-ға жуық, ЭЫДҰ елдерінде орташа алғанда – 100%-ға жуық», - дейді Ә. Ерғалиев.

Сонымен бірге Ә. Ерғалиев мемлекеттік қарыз бойынша қызмет көрсету үшін жыл сайын 900 млрд теңге бөлінеді.