ҚР Премьер-Министрі ресми сайтының хабарлауынша, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қоғамдық отырыста осылай мәлім еткен.
«Мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік орган басшылары қоғам алдында қалай көрінеді, БАҚ құралдары, бизнес-қауымдастықтар оларды қалай бағалайды, сол жайлы ақпарат болса екен дейміз», - деді Ә.Бәйменов.
Осыған байланысты ведомсто басшысы мемлекеттік басқару және өңірлік оқыту орталықтарында мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстары аясында "Мемлекеттік қызмет БАҚ көзімен" және "Мемлекеттік қызмет бизнес көзімен" бағдарламаларын енгізуді тапсырғанын айтты.
Оның атап өтуінше, мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту және мониторингілеу аясында мемлекеттік қызмет көрсетулер туралы заңды іске асыру мақсатында қоғамдық кеңес құрылған. Оған журналистер де, бизнес-қауымдастық өкілдері де кіреді. Мұндай кеңестер агенттік департаменттерінің жанында барлық өңірлерде құрылады.
Ааталған институттың негізгі міндеті - халыққа қызмет көрсету кезіндегі мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы байланысты қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, кеңестер мемлекеттік орган басшыларына мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді. Бұдан өзге, кеңестер жеке тұлғалармен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесетін болады.