Ол бұл пайымын бүгін аталмыш министрліктің алқа мәжілісінде білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік нотариустардың қызметтеріне сұраныс күн сайын артып келеді. Министрлікке азаматтардан күн құрғатпай қосымша мемлекеттік кеңселер ашу жөнінде ұсыныстар келіп түсуде. Осы орайда Р. Түсіпбеков Үкімет басшысынан мемлекеттік нотариустардың санын ұлғайту және олардың мәртебесін көтеру жөніндегі ұсынысты қолдауды сұрады. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта республикамызда 16 мемлекеттік нотариус жұмыс істеп жатыр.