Қазақстанда мемлекеттік органдардың парасаттылық рейтингі енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстанда мемлекеттік органдардың жария парасаттылық рейтингі енгізіледі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылы Қазақстанда мемлекеттік органдардың жария парасаттылық рейтингі енгізіледі. Ол мемлекеттік органдардың ашықтық, жариялылық, есептілік деңгейін көрсететін болады. Мемлекеттік органдардың рейтингтегі орны азаматтардың олардың жұмысымен нақты қанағаттануы деңгейімен бағаланады», - деді А. Шпекбаев 2019 жылдың қорытындысына арналған агенттіктің алқа мәжілісінде.


Шпекбаев әрбір ауылдық округке дейін мемлекеттік басқарудың сервистік моделін енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Бұдан бұрын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы алқа мәжілісінде жемқорлық туралы хабарлағандарға берілетін ең жоғары сыйақы 10,6 млн теңге болатындығын мәлім еткен еді.