Қазақстанда мемлекеттік органдардың рейтингісі жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік органдардың қызмет сапасы жөніндегі рейтингте орталық атқарушы органдардың арасында Ұлттық банк, Қаржы министрлігі мен Əділет министрлігі алғашқы үш орынды иеленген. Ал, Энергетика министрлігі мен Жоғарғы сот бұл рейтингтің соңғы орындарында тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ал, жергілікті атқарушы органдардың рейтингісінде Маңғыстау облысы бірінші орын алса, Алматы қаласы соңғы орында тұр.

Бұл рейтингті бүгін Мемлекеттік қызмет жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде «Білім» атты ғылыми-зерттеу орталығы өзінің қоғамдық мониторингісіне сүйене отырып жария етті. Рейтинг 2016 жылдың қорытындысы бойынша əзірленген.

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың көбі мемлекеттік органдардағы қағазбастылық пен кезектің көбіне жəне консультацияның жоқтығына шағымданған.