АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырудың бірыңғай органын құруды ұсынды. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысқан аталған ведомство басшысы Болат Жәмішевтің атап өтуінше, осыған орай «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңға сәйкесінше өзгертулер енгізу жоспарлануда.
«Бұл орган Қаржы министрлігінің жанында болады. Бұл не істейді? Конкурстық құжаттама дайындайтындарда конкурс өткізу мүмкіншіліктері болмайды. Яғни, біз конкурсқа қатысушылар мен конкурстық құжаттамаларды дайындайтындардың арасындағы «алшақтықты» қамтамасыз етеміз», - деді ол.
Б.Жәмішев сонымен қатар құрылыс пен жобалар бойынша құжаттарды ақпараттандыру мәселелері Құрылыс жөніндегі комитет пен Көлік және коммуникациялар министрлігіне сараптамаға жіберілетіндігін атап өтті. Бұл тендер барысындағы жемқорлық іс-қимылдарға кедергі болады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.